Меню KDT

logo.png?_=1675669338


«Әлжан негізгі мектебі» КММ
  • kz
  •     Құрметті әріптестер, мектеп оқушылары мен мектеп түлектері, ата-аналар!Сіздерді Әлжан негізгі мектебінің саитында қарсы алуға қуаныштымын.

      Саитта мектептің ең маңызды оқиғалары мен жаңалықтары,оқу-тәрбие процесін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер,әкімшілік пен мұғалімдер туралы мәліметтер бар.Біздің виртуалды платформада әрқайсыңыз өзіңізге пайдалы және жаңа нәрсені таба аласыз!

         Біздің мектеп ең маңызды мемлекеттік міндетті шешеді, ол-балаларды оқыту мен тәрбиелеу.Осы міндетті бірлесе шешетін тамаша серіктестеріміз бар,олар-ата-аналар,мектеп түлектері, қамқоршылық кеңес.Біз шетте қалмай мектептің дамуына, бала тәрбиесіне белсене ат салысқандарға  үлкен алғысымызды білдіреміз.Өйткені, балаларды оқыту мен тәрбиелеу, қамқорлық жасау-біздің ортақ міндетіміз.
         Саит мектеп жұмысының ашықтығын көрсету үшін және балалардың оқуына барлық жағдай жасалғандығын көрсету мақсатында құрылған.Саитта ата-аналарға арналған кері байланыс рубрикасы бар.Мектеп жұмысын ұйымдастыру және бала тәрбиесіне қатысты ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды күтеміз.
            Құрметпен, мектеп директоры Сарина Алтынгуль Темиртасовна

    Мұқағали Мақатаевқа арналған кеш

    23 ақпан күні ақиық ақын Мұқағали Мақатевқа арналған кеш өтті.

    23 ақпан күні ақын Мұқағали Мақатевқа арналған кеш өтті. Кеш барысында ақын туралы түсірілген фильм көрсетіліп, ақынның өмірімен таныстырылды. 5-7-сынып оқушылары ақынның өлеңдерін жатқа оқыды. 4-сынып оқушысы Құдайберген Назерке ақынның "Сәби болғым келеді" әнін, 6-сынып оқушысы  Құсайын Нұрдаулет "Ақ көгершін" әнін орындады. Бейне таспадан ақын өз оқуындағы өлеңдері тыңдалынды.
    24.02.2017
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки