Меню KDT

logo.png?_=1675669338


«Әлжан негізгі мектебі» КММ
  • kz
  •     Құрметті әріптестер, мектеп оқушылары мен мектеп түлектері, ата-аналар!Сіздерді Әлжан негізгі мектебінің саитында қарсы алуға қуаныштымын.

      Саитта мектептің ең маңызды оқиғалары мен жаңалықтары,оқу-тәрбие процесін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілер,әкімшілік пен мұғалімдер туралы мәліметтер бар.Біздің виртуалды платформада әрқайсыңыз өзіңізге пайдалы және жаңа нәрсені таба аласыз!

         Біздің мектеп ең маңызды мемлекеттік міндетті шешеді, ол-балаларды оқыту мен тәрбиелеу.Осы міндетті бірлесе шешетін тамаша серіктестеріміз бар,олар-ата-аналар,мектеп түлектері, қамқоршылық кеңес.Біз шетте қалмай мектептің дамуына, бала тәрбиесіне белсене ат салысқандарға  үлкен алғысымызды білдіреміз.Өйткені, балаларды оқыту мен тәрбиелеу, қамқорлық жасау-біздің ортақ міндетіміз.
         Саит мектеп жұмысының ашықтығын көрсету үшін және балалардың оқуына барлық жағдай жасалғандығын көрсету мақсатында құрылған.Саитта ата-аналарға арналған кері байланыс рубрикасы бар.Мектеп жұмысын ұйымдастыру және бала тәрбиесіне қатысты ұсыныстарыңыз бен сұрақтарыңызды күтеміз.
            Құрметпен, мектеп директоры Сарина Алтынгуль Темиртасовна

    1-Наурыз Алғыс айту күні

    1-Наурыз Әлжан орта мектебінде Алғыс айту күні болды. Барлық оқушылар ата-аналарына, сүйікті мұғалімдеріне өз тілектерін жазып ,ашық хаттар жасап, "Тілек жәшігіне" салды. 

    1-Наурыз Әлжан орта мектебінде Алғыс айту күні болды.Бұл күні мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі Тлеужанова А.Қ. және еңбек мұғалімі Тулегенова Т.С. іс-шаралар жоспарлап өткізді.Бірінші "Тілек жәшігіне" салынған хаттар арналған адамдарға таратылып, тілектер оқылды.Бірі ұстазына бірі ата-анасына, ал енді келесісі сынып оқушыларына да арналған болды.Сурет пәні мұғалімі Тулегенова Н.Ж. барлық сыныптарға осы күнге арнап сурет салғызды. 6-7 сынып қыздарының орындауында "Қамажай" биі көрмендерге ұсынылды.
    Ұстаздар өздерінің шәкірттеріне тілек арнады.
      Мектеп директоры мектеп ұжымына және оқушыларға Елбасының бастамасының өте жағымды жаңалық екенін, алғыс айта білуге , бір-бірін құрметтей білуге тілек білдірді.
    01.03.2017
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки