Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Алғашқы қоңырау
Әлжан орта мектебінде 2 қыркүйек күні Алғашқы қоңырау мерекесі өтті
Алғашқы қоңырау мерекесі барысында оқушылар ән айтып, би биледі. "Салмар" ЖШС директоры Байбазаров С.К. 1-сынып және дайындық тобы оқушыларына оқу құралдарын сыйға тартты. Искаков Серікжан Жанахметұлы аз қамтылған отбасы оқушалырна күрте сыйға тартты. Мерекеге аудандық білім бөлімінің әдіскері Акишек Амантай Әскерұлы мен Лобан селолық округінің маманы Рина Шамшутдинұлы қатысып, өз тілектерін білдірді. Мереке соңы "Мен өз елімнің патриотымын" тақырыбындағы тәрбие сағатына ұласты.