Меню KDT

logo.png?_=1675669338


«Әлжан негізгі мектебі» КММ
  • kz
  •  

    Әлжан орта мектебіндегі 24  қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі

     

    Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
     

    Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.

    11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.

    Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.

    Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды



     

    Дарынды оқушылар порталы ұйымдастырған шығармашылық байқау жеңімпаздары

    Интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы дарынды оқушылар арасындағы қашықтықтан өткізілген "Достық алтыннан да қымбат" атты байқауға 6-сынып оқушысы Құдайберген Ерасыл қатысып ІІІ дәрежелі диплом иегері болды.
     "Менің Отаным-менің мақтанышым" атты байқауға 4-сынып оқушысы Құдайберген Назерке қатысып ІІ дәрежелі диплом иегері болды.
    "Ана-өмір,ана-бақ" атты байқауға 4-сынып оқушысы Әйтен Шоқан қатысып І дәрежелі диплом иегері болды.

    05.04.2017
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки