9 мамыр күні Әлжан орта мектебінде "Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды " тақырыбында Жеңіс мерекесіне орай өткізілген іс шара өтті. Іс шара барысында тыл еңбеккерлері шақырылып, Жауынгерлерге арналған ескерткіш тақтаға гүл шоқтары қойылды.
Мектебіміздегі мектептің ардагер ұстаздарына және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған музей бұрышындағы материалдарын 7-8-сынып оқушыларына тарих пәні мұғалімі Ерубаева Толеубике Макановна таныстырып өтті.
Әлжан орта мектебінде 1 мамыр мерекесіне орай мерекелік іс шара өтті. "бір шаңырақ астындамыз" тақырыбында өткен іс шараға мектеп оқушылары түгел қатысты. іс шара барысында Қазақстанда тұратын кейбір ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлері мен ұлттық тағамдарымен танысты. Мереке соңы шағын концертке ұласты.
Шағын орталықта 8 наурыз аналар мерекесіне арналған мерекелік іс шара өтті. Мерекелік іс шара барысында тәрбиеленушілер би билеп,өлең жолдарын оқыды. Аналарына арналған өз қолдарымен жасаған ашықхаттарын сыйға тартты.