Әлжан орта мектебінде жеңіс мерекесіне арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында тыл еңбеккерлеріне арналған концерт беріліп, ескерткіш басына гүл шоқтары қойылды.
Интеллектуалды білім порталының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы дарынды оқушылар арасындағы қашықтықтан өткізілген "Достық алтыннан да қымбат" атты байқауға 6-сынып оқушысы Құдайберген Ерасыл қатысып ІІІ дәрежелі диплом иегері болды. "Менің Отаным-менің мақтанышым" атты байқауға 4-сынып оқушысы Құдайберген Назерке қатысып ІІ дәрежелі диплом иегері болды. "Ана-өмір,ана-бақ" атты байқауға 4-сынып оқушысы Әйтен Шоқан қатысып І дәрежелі диплом иегері болды.