Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
11 желтоқсан күні 5-9-сынып оқушылары арасында 7-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Ахметова Гульдарай Серикбаевнаның ұйымдастыруымен сынып сағаты өтті.
11 желтоқсан күні 1-4-сынып оқушылары арасында бастауыш сынып мұғалімі Тлеужанова А.Д. ұйымдастыруымен "Елім деп соғар жүрегім" аттты сынып сағаты өтті.
"Қатыгездік пен зорлықсыз әлем" атты апталық аясында 5-сынып оқушыларының ата-аналарының арасында "Отбасылық атмосфера атты " ата-аналар жиналысы өтті.