Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Ақпараттық сағат
Әлжан орта мектебінде 26 қаңтар күні "Елбасы Жолдауының басым бағыты- заңнның басымдылығы және сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында ақпараттық сағат өтті.
Ақпараттық сағат барысында Елбасы Жолдауының 9 міндетінде сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтылған ойлар туралы айтылды. физика пәні мұғалімі Сулейменов Ш.К. осы 9 міндетке толық тоқталып, қазіргі уақытта елімізге жемқорлық арқылы келтіріліп жатқан нұсқандарға тоқталып өтті. сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық адамның міндеті екендігін айтып өтті. Мектеп оқушыларын мектеп қабырғасынан бастап жемқорлықпен күреске даярлау әрбір мұғалімнің, әрбір ата-ананың міндеті.