Әлжан орта мектебінің ұжымы ҚР БҒМ министрлігінің бастамасын толық қолдайды. Өзін-өзі қалыптастырушы бағалау- мектептер көрсететін білім беру қызметінің сапасын бақылаудағы тиімді құрал екендігімен келісеміз. Сонымен қатар, білім беру үрдісіне ата-аналар қоғамдастығы мен қамқоршылық кеңестерді қатыстырудың қажеттілігі туралы қабылдаулардың да жаны бар деп ойлаймыз. Білім беру аясында болып жатқан өзгерістердің барлығы мектеп ұстаздары және оқушылармен бірге ата-аналарды да толғандыратыны заңдылық. Оларды пікірлері мектеп үшін өте маңызды деп есептейміз, себебі қабылданған шешімдердің дұрыс-бұрыстын ата-аналар тарапынан айтылған қолдау немесе сыни пікірлер арқылы дер кезінде шешуге болады.