Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Анашым-қуанышым
7 наурыз күні ауылымыздың Алтын алқа және Күміс алқа иегерлеріне және зейнеткерлер аналарға арналған "Анашым-қуанышым" атты мерекелік кеш өтті.
Кеш барысында оқушылар аналарға арналған "Әйел бақыты" атты слаид шоу көрсетті. Аналарға арнап олардың балалары туралы видео-слаид жасалынып көрсетілді. Сонымен қатар мектеп оқушыларының қатысуымен концерт қойылды. Аналарға арнап гүл шоқтары табыс етілді. Ойындар ойналынып, аналар өздерінің ән-шашуларын арнады.