Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Сынып сағаты
11 желтоқсан күні 5-9-сынып оқушылары арасында 7-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Ахметова Гульдарай Серикбаевнаның ұйымдастыруымен сынып сағаты өтті.
Сынып сағаты "Тәуелсіздік-ел тілегі" деген тақырыппен өтті. Сынып сағаты Қазақстан мемлекетінің астаналарына саяхат етіп ұйымдастырылды. Оқушылар Орынбор, Қызылорда, Алматы және Астана қалаларына виртуалды саяхат жасады. Виртуалды саяхат барасында осы қалалар тарихы туралы видеофильм көрсетілді. Әр қала оқушыларға тапсырмалар даярлап, сол тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Оқушылар өздері Қазақстан, Астана тақырыптарына сөзжұмбақ, жұмбақ, ребус, коллаж, постер құрастырды және оларды қорғады. "Менің болашақ Қазақстаным" тақырыбында ертегі құрастырып өз елдерінің болашағына болжау жасады. "Менің сүйікті Астанам" тақырыбында Астана қаласына деген өздерінің тілектерін өлең жолдары арқылы берді. Сынып сағатының соңында оқушылар "Қазақстан бақытты" және "Қазақстаным, Ұлы Отаным-ай" әндерін орындады.