Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Жаңа жыл шыршасы
1-4-сынып оқушыларына арналған "Қош келдің, Жаңа жыл" атты мерекелік ертеңгілік өтті
1-4-сынып оқушылар арналған мерекелік ертеңгілік өтті. Оқушылар ән , айтып би билеп, сиқыршы қызбен бірге Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алды. Аяз атаға өз өнерлерін көрсетіп, түрлі ойындар ойнады. Оқушылардың барлығы әртүрлі костюмдер киіп , ертегі кейіпкерлері бенесінде болды. Ата-аналар да белсен қатысып, іс шараны балаларымен бірге қызықтады. Ертеңгілік соңында демеушілік көрсеткен "Салмар-агро" ЖШС оқушыларға жаңа жылға арналған кулектар табыс етті, оқушылардың костюмдеріне сыйлықтар берілді. Әр сынып Жаңа жылға арналған қабырға газеттерін шығарып мектептің спортзалын безендірді.