Әлжан орта мектебінде «Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі барысында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Абуева Б.С. «Бәрі де сүйіспеншіліктен басталады» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар Отанға , отбасына, ата-анаға, бауырларына, достарына, туған жерге деген сүйіспеншілік жайлы өз ойларын ортаға салды.
Отан, отбасы туралы өлең жолдары оқылды. ақын-жазушылардың осы тақырыпта жазылған шығармаларынан үзінділер келтіре отыра өз пікірлерін айтты. «Сүйіспеншілік» сөзінің әр әрпіне сөздер тауып айтып, дөңгелек үстелді өз жүрегінен шыққан жүрекжарды сөздерді жазып , оны көрсетіп мазмұнын түсіндіру арқылы аяқтады.