Меню KDT

logo.png?_=1675669338


«Әлжан негізгі мектебі» КММ
  • kz
  •  

    Әлжан орта мектебіндегі 24  қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі

     

    Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
     

    Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.

    11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.

    Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.

    Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды



     

    Мемлекеттік аттестация туралы пікір


    Әлжан орта мектебінің ұжымы ҚР БҒМ министрлігінің бастамасын толық қолдайды. Өзін-өзі қалыптастырушы бағалау- мектептер көрсететін білім беру  қызметінің сапасын бақылаудағы тиімді құрал екендігімен келісеміз. Сонымен қатар,  білім беру үрдісіне  ата-аналар қоғамдастығы мен қамқоршылық кеңестерді қатыстырудың қажеттілігі туралы  қабылдаулардың да жаны бар деп ойлаймыз.  Білім беру аясында болып жатқан  өзгерістердің барлығы мектеп ұстаздары және оқушылармен бірге ата-аналарды да толғандыратыны заңдылық.  Оларды пікірлері мектеп үшін өте маңызды деп есептейміз, себебі қабылданған шешімдердің  дұрыс-бұрыстын  ата-аналар тарапынан айтылған қолдау немесе сыни пікірлер арқылы  дер кезінде шешуге болады.

     

     

    02.03.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки