Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Мәлік Ғабдуллин музейіне саяхат
Әлжан орта мектебінің 5-7-сынып оқушылары Мәлік Ғабдуллин музейіне экскурсияға барды.
Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейіне барып батыр атамыз, ғалым, жазушы Мәлік Ғабдуллин өмір жолы, шығармашылығы, отбасы туралы мәліметтермен танысты. Мәлік атамыздың ұстаған заттары, жұмыс кабинетімен танысты. Сонымен қатар ғалымның Ұлы Отан соғысы кезінде атқарған қызметімен таныса отыра атақты Бауыржан Момышұлымен бірге майдандас болғандығы туралы мәлімет алды.