Меню KDT

logo.png?_=1675669338


«Әлжан негізгі мектебі» КММ
  • kz
  •  

    Әлжан орта мектебіндегі 24  қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі

     

    Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
     

    Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.

    11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.

    Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.

    Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды



     

    Қамқоршылық кеңесі - қоғамдық бақылау қызметінде.

    Білім мекемелерінде қамқоршылық кеңесінің жұмысы жаңа қарқынмен ұйымдастырылатын болады. Бұл Білім және Ғылым министрлігінің тапсырмасы. Оқушылардың сапалы білім алуына барынша жағдай жасау мақсатында құрылған кеңес енді қоғамдық бақылау қызметін атқарады.

     


    Білім мекемелерінде қамқоршылық кеңесінің жұмысы жаңа қарқынмен ұйымдастырылатын болады. Бұл Білім және Ғылым министрлігінің тапсырмасы. Оқушылардың сапалы білім алуына барынша жағдай жасау мақсатында құрылған кеңес енді қоғамдық бақылау қызметін атқарады.

     

    Қамқоршылық кеңестің жұмысын жетілдіруге байланысты ойын ортаға салмаққа ұстаздар арнайы жиын өткізді. Енді мектептердің есепшотына жиналған қаржының да сұрауы болады. Мемлекеттік сатып алу заңының талаптарына сай мектепке сый жасағысы келген ата-аналар мен кәсіпкерлерден жиналатын қаржыны, білім ошақтарының қажеттіліктеріне жұмсау жайы ұсынылды. Тенгенің тиімді жұмсалуын ашық бухгалтерия қатаң  бақылайды. Айта кетейік, бұдан былай білім ошақтарына демеушілік жасауға ниетті кәсіпкерлер мен ұстаздарға сыйлық жасағысы келген әрбір азамат ақшасын арнайы есепшотқа  аударады.

    ЖАНАТ ТӘЖИЕВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ

    Жасыра алмаймын мектептер бүгінгі таңда 100 пайыз компьютермен қамтылмаған. Сондықтан мектепке таза бір қажеттіліктер болуы мүмкін. Немесе оқушыларды саяхаттарға апаруымыз мүмкін немесе түрлі марафондар өткізуіміз мүмкін, мүмкін керемет бір азаматтарды кездесуге шақыруымыз мүмкін. Дәл осындай шараларға жұмсалатын дүние.

    Р.БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ               

    ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ЖҰМЫС ТӘРТІБІН БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ

    -AA+A
     
     

     

     

    Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасында Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі  «Білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №355 бұйрығына сәйкес, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім мекемелерінде ұйым қызметінің тиімділігін, айқындығын және ашықтығын, қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында қамқоршылық кеңестері құрылды.

    2017 жылдың 12 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының №467 бұйрығымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының жанынан қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілді.

    Кеңес құрамына:

    1. жергілікті өкілдік, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері;

    2. жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкідері;

    3. коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (бар болса);

    4. ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан, курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі;

    5. қайырымдылық жасаушылар (бар болса) кірді.

                 

    30.10.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки