Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Тілдер мерекесі
Әлжан орта мектебінде Тілдеер мерекесі өтті.Мереке барысында оқушылар Қазақстанда тұратын ұлттардың салт-дәстүрін,ұлттық тағамдарын таныстырп қорғады. Апталық барысында викторина, тіл туралы мақал-мәтелдер сайысы өтті.
Апталық барысында 1-4-сынып оқушылары арасында "Тілім менің-тірлігімнің айғағы" тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар қазақ ақындарының өлең жолдарын жатқа оқыды. 5-7-сынып оқушылары арысында "Мен ана тілімнің өркедеуіне үлес қосамын" тақырыбында эссе жазу сайысы өтті. Сайыс жүлдегері 7-сынып оқушысы Жаныбеков Арлан болды. 8-9-сынып оқушылары арасында "Латын тіліне көшу-заман талабы" тақырыбында пікірталас өтті.