Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
Ұстаз-ұлы тұлға
"Ұстаз-ұлы тұлға " атты мерекеге арналған кеш оқушылардың өзін-өзі басқару күнімен басталды
Өзін-өзі басқару күнінде 8-9-сынып оқушылары мектептегі осы күнгі мұғалімдердің жұмысын атқарды.Оқушылар өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарады. Мектеп мұғалімдерінен құралған 9-сынып оқушыларымен жүргізілген сабақтар да өте қызықті өтті. 9-сынып оқушылары орыс тілі пәнінің мұғалімі қызметін атқарған Каирбеков Еламан, денешынықтыру пәні мұғалімі Болатұлы Исламның сабақтары өте қызықты өтті. Болатұлы Ислам жүргізген тәрбие сағаты да өте жақсы деңгейде өтті. Мектеп оқушылары ұстаздарға арнап шағын мерекелік концерт ұйымдастырды.