Меню KDT

logo.png?_=1675669338


«Әлжан негізгі мектебі» КММ
  • kz
  •  

    Әлжан орта мектебіндегі 24  қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі

     

    Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
     

    Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.

    11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.

    Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.

    Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды



     

    Темекі шегу зиян

    "Шылым шегудің зияны " тақырыбында акция өтті. Акция барысында оқушылар үнпарақ қорғап өз ойларымен бөлісті.

             

    Акция барысында оқушылар үнпарақ қорғады және өз ойларын айтты. Шылым шегудің зияны туралы ақпарат берілді. Оқушылар тақырып бойынша сурет салып,эссе жазды.Медбике Хамиулина Ж.А. оқушыларға  слаид арқылы материалдар көрсетіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    03.01.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру

    Полезные ссылки