Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
музейге саяхат
Әлжан негізгі мектебінің оқушылары Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин музейіне саяхатқа барды.
Мектеп оқушылары Мәлік Ғабдуллин музейіне саяхатқа барды. Музейдің барлық бөлмелеріндегі батыр туралы мәліметтермен танысты. Батырдың кітаптарымен танысты. Батырдың отбасы туралы мәлімет алды. Ұлы Отан соғысы кезіндегі Мәлік тақырыбында мағлұматтар алды. Жазушының жұмыс кабинетімен танысты. Мектеп оқушылар экскурсоводтың қойған сұрақтарына қызыға жауап берді. Саяхат өте қызықты және мазмұнды өтті. Оқушылар Мәлік Ғабдуллин туралы өлең жолдарын оқыды,сауалнамаға жауап берді.