Әлжан орта мектебіндегі 24 қазан күні өткізілген «Универсиадаға 100 күн» атты таңғы дене жаттығуының есебі
Мектеп оқушылары сапқа тұрғызылып, мектеп директоры Сарина Алтынгүл Теміртасқызы құттықтау сөз сөйледі және дене тәрбиесі мұғалімі Байқал Ертарғын Алматы қаласында өткізілетін Универсиада жайлы,ашылуына 100 күн қалғандығы туралы қысқаша түсіндіріп өтті .Оқушылар топтың аты,ұранымен таныстырып,арнайы жіберілген видео арқылы түрлі қозғалмалы жаттығуларды жасады.
Әлжан орта мектебіндегі «Махаббат пен Шығармашылық педагокиасы» атты өзін-өзі тану пәніндегі дәстүрлі онкүндігіндегі «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі есебі.
11- ақпан күні мектебімізде «Ән-көңілдің ажары» ән-би фестивалі өтті.
Онда оқушылар Ана, Отан, достық, бірлік, тағы басқа тақырыптарда ән орындап, би биледі.
Мектебімізде өзін-өзі тану пәніндегі онкүндіктің жабылу сәті қорытындыланып, белсенділік танытқан, сайыстарда жеңіске жеткен оқушылар Дипломдармен, Мадақтамалармен, сыйлықтармен марапатталды
"Балалар еңбегін қалай қорғауға болады?" дөңгелек үстел
"Балалар еңбегін қалай қорғауға болады?" дөңгелек үстел оқушылар арасында осы сұраққа жауап іздеп көрдік.
"Балалар еңбегін қалай қорғауға болады?" дөңгелек үстел барысында оқушылармен осы сұраққа жауап іздеп көрдік .Ортаға әр түрлі пікірлер айтылды. Өздері өз ойларын қорғауға тырысты. Осы тақырыпта жағдайаттық сұрақтарға жауап берді және қойылым да қойды. Іс-шара соңында осы тақырыпта кері байланыспен қысқаша эссе де жазып берді. Ойлар әр түрлі: -14 жастан еңбек етуге болады, алайда әділ бағалай білу керек деген ой болды; - ерте еңбек етудің қажеті жоқ, ата-анасы да ақшамен, керек заттарымен қамтамасыз етеді деген ой болды